Тоқаев халықаралық қатынас кеңесінің құрметті төрағасы болып сайланды

624

Тоқаев халықаралық қатынас кеңесінің құрметті төрағасы болып сайланды

Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрылтай жиналысында парламент сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бірлестіктің құрметті төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

"Кеңес халықаралық қатынас саласындағы отандық сарапшыларды біріктіру және президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ жаһандық тұрғыдағы күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелерді талқылау және ұсыныс әзірлеу үшін құрылды", – деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Әлем дамуындағы ағымдарды жан-жақты әрі терең талдау негізінде Кеңес Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мәселелер жөнінде инновациялық қадамдар әзірлейтін алаң болуы тиіс", – деді.

Отырыс барысында құрылған органның 2017 жылғы қызметінің негізгі бағыттары белгіленді. Шетелдік әріптестердің қатысуымен сарапшылар форумын өткізу, зерттеу гранты мен стипендия тағайындау, сондай-ақ жас сарапшыларға арналған жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарда тұр.

Саясаттанушы Ерлан Карин кеңестің төрағасы болды. сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, парламент мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, отандық жетекші талдау орталықтарының басшылары кеңес төралқасының құрамына енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу