Тоқаев Hyosung Financial System Vina компаниясының өндіріс алаңын аралап көрді

445

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Тоқаев Hyosung Financial System Vina компаниясының өндіріс алаңын аралап көрді Фото: akorda.kz

Президент Hyosung Financial System Vina компаниясының өндіріс алаңын аралап көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кәсіпорын жаңа үлгідегі банкоматтар, автоматты касса аппараттарын (TCR) шығарады, сондай-ақ банк-қаржы саласына арналған бағдарламалар жасайды.

Кәсіпорында жылына 80 мыңнан аса бұйым өндіріледі. Бұдан бөлек, компания озық технологияларға көшу, өнім сапасын арттыру, Вьетнамда ақпараттық технологиялар бағытындағы адам капиталын дамытуға ықпал ету үшін өндіріс жанынан зерттеу орталығын ашқан.

Зауыттың өндіріс желісімен танысқан Мемлекет басшысы қаржы технологиясы саласында тәжірибе алмасу қажет екеніне назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу