Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады

410

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ибрахим Раисиге көңіл айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

– Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу