Тоқаев қанша рет Президент бола алады?

717

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова журналистердің Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың енді қандай мерзімге сайланатынына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

Тоқаев қанша рет Президент бола алады?

"Президент қазір 5 жылдық мерзімге сайланады, ал 5 жылдық мерзімнен кейін немесе мерзімінен бұрынғы сайлауда ол 7 жылдық мерзімге сайлана алады деп түсінуіміз керек пе?", – деген сұрақ қойылды.

Вице-министр мұның бәрі бірқатар факторға байланысты екендігін айтты. 

"Біріншіден, тиісті заң жобасы Президент сайлауының күніне қарай енгізіле ме, оны қабылдау оған дейін немесе кейін бола ма, заң жобаларында қамтылған бұл нормаларды қолданысқа енгізу мерзіміне байланысты", – деді ол.

Ведомство өкілі айтқанын мысалмен түсіндіріп берді. 

"Егер тиісті заң жобасы Парламентке қыркүйек айында ұсынылып, қазан айында қабылданып, сайлау қарашаға белгіленсе, ал заңда оның қол қойылған күнінен бастап күшіне енетіні туралы нормалар болса, онда жаңа президент сайланғанда ол Конституцияның жаңа баптарын басшылыққа алатын болады, бұл 7 жыл және бір рет дегенді білдіреді", – деп қорытындылады Алма Мұқанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу