Тоқаев: Кәсіби техникалық колледждер еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс

255

Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті. 

Тоқаев: Кәсіби техникалық колледждер еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс Фото: zhaikpress.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдануды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Дмитрий Павленко Ұлттық құрылтайда дұрыс мәселе көтергенін айтты.

"Кәсіби техникалық колледждер жаңа мамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс. Сарапшылардың айтуынша, біраз жылдан соң солтүстіктегі халықтың саны едәуір азайып, оңтүстіктегі тұрғындар әлдеқайда көбеюі мүмкін. Бұл – өте өзекті мәселе. Себебі аймақтардың еңбек нарығында теңсіздік одан әрі ушыға түседі деген сөз. Осы мәселемен Үкімет мұқият айналысуы керек. Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдану қажет"", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу