Тоқаев кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, жеке меншікті қорғауға шақырды

686

Енді экономикада ашық және әділ ойын ережелері қалыптастырылып, заңнама реформаланады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумнан кейінгі халыққа үндеуінде айтты.  

Тоқаев кәсіпкерлердің бастамаларын қолдап, жеке меншікті қорғауға шақырды

"Барлық жасанды монополияларды жою, сыбайлас жемқорлыққа сенімді тосқауыл қою маңызды. Бізге кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау, жеке меншікті толық қорғау, бәсекелестікті күшейту керек. Алда экономиканы нақты әртараптандыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Алда өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын, қуатты көлік-логистика жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау, барлық жерде цифрлық экожүйені қалыптастыру міндеті тұр", – деді Тоқаев.

Елдің тұрақты дамуының басты қозғаушы күші еңбек, білім және азаматтық белсенділік болуы тиіс, деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу