Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түркіменстан шекарасын межелеу туралы шартты ратификациялау Заңына қол қойды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.
Аталмыш шартта Қазақстан-Түркіменстан аумақтық суларын шектейтін Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекара сызығын, балық аулау аймақтарының іргелес учаскелерін бөлу сызығын өткізу қарастырылған.