Тоқаев кеңесшісінің ұлы "ҚазМұнайГаздың" баспасөз хатшысы болды

696

Дәурен Омаров "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.

Тоқаев кеңесшісінің ұлы "ҚазМұнайГаздың" баспасөз хатшысы болды

Ол – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Бауыржан Омаровтың баласы.

"Құрметті достар! Бүгіннен бастап "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалып, жаңа жұмысқа кірістім. Еліміздің ірі компаниясының тыныс-тіршілігі туралы халықты және БАҚ өкілдерін уақтылы хабардар етіп тұруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Осы орайда, жауапты қызметті сеніп тапсырған "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевке ризашылығымды білдіремін. Жаңа міндеттеріме жауапкершілікпен қарап, абыроймен атқаруға тырысамын. Сіздермен үнемі байланыста боламыз!", – деп жазды ол фейсбук желісінде.

Дәурен Омаров бұған дейін "Алматы" телеарнасы бас директорының орынбасары болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу