Тоқаев ҚХР төрағасы атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды

363

"Бір белдеу, бір жол" бастамасының ІІІ форумы.

Тоқаев ҚХР төрағасы атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" форумының аясында бейресми жағдайда Индонезия Президенті Джоко Видодомен, Пәкістан Премьер-министрінің міндетін атқарушы Анвар-ул-Хак Какармен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвпен, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жүздесті", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу