Тоқаев Қоянбаевтың туға байланысты бастаған челленджін қолдап, желіде пікір қалдырды

723

Қазақстан туы бар жазба 2020 жылдың 25 маусымында жарияланған.

Тоқаев Қоянбаевтың туға байланысты бастаған челленджін қолдап, желіде пікір қалдырды Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желіде Нұрлан Қоянбаев жариялаған Қазақстан туымен байланысты челленджін қолдап, instagram-да пікір қалдырды.

Нұрлан Қоянбаев бастаған челлендж мақсаты instagram желісінде жазылған пікірлер саны бойынша Гиннес рекордын орнату болатын.

Айта кетейік, Қазақстан туы бар жазба 2020 жылдың 25 маусымында жарияланған. Содан бері Қазақстанның мемлекеттік туы жарияланған жазба астына 13 миллионнан астам адам пікір қалдырған. Қазақстан туымен байланысты аталмыш флешмобқа ел президенті де қатысты.

"Көк туымыз мәңгі желбірей берсін", – деп жазды Қ.Тоқаев.

Бұған дейін Қоянбаев рекордты жаңарту үшін 100 миллионнан астам пікір жазу керектігін айтқан болатын.

"Егер миллионға жуық қазақстандық 100 пікір қалдырса, біздің мемлекеттік туымыз әлемдегі ең танымал суретке айналады", – деген Нұрлан Қоянбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу