Тоқаев: Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет

790

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тоқаев: Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет

"Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Президенттің айтуынша, жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. 

"Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу