Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қылмыстық атқару жүйесі мекемелері үздіксіз бейнебақылаумен жарақтандырылып жатыр. Бүгінде 52 мекемеде 22 042 бейнекамера орнатылды. Жыл соңына дейін 26 мекемеде 13 822 бейнекамера орнатылады.
Аталған жоба сотталғандар және қызметкерлер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі.
Жүйе іске қосылғалы бері тіркелген құқық бұзушылықтар саны 40 пайызға артты, 3 түрмеден қашу әрекетіне және 13 өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне тосқауыл қойылды. Өкінішке қарай, сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерінің ізін жасыру үшін бейнебақылау камераларын істен шығарады. Олар жыл басынан бері 300-ден аса бейнекамераны сындырған.
Сондай-ақ, Президент бейнебақылау жүйесіне нұқсан келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді тапсырды.