Тоқаев: "Қырсыққан" аз ғана антиваксерлерге бола бүкіл халықты қауіпке итере алмаймыз

5045

Президенттің айтуынша, вакцина алғысы келмейтін азаматтармен саралау әдісімен жұмыс істеу керек. 

Тоқаев: "Қырсыққан" аз ғана антиваксерлерге бола бүкіл халықты қауіпке итере алмаймыз

"Вакциналаумен аз қамтылған өңірлерде әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды шұғыл құру керек. Бұл ретте аймақтардың ерекшеліктерін ескеру керек. Көңіл-күйлерін алдын ала зерттеп, "температурасын" анықтау керек",  – деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Президенттің айтуынша, вакцина алғысы келмейтін азаматтармен саралау әдісімен жұмыс істеу керек.

"Бұл топтың көзқарасы бірдей емес. Вакцинадан бас тартудың да сан себебі бар. Ойланып жүргендері де көп. Барлық күш-жігермен, әлеуметтік желілер арқылы оларды көндіру керек. Батыстың кейбір дамыған елдері көндіру әдісінен мәжбүрлеу әдісіне көшіп жатыр. Ерекше жағдайларды, ірі еңбек ұжымдарының жұмысын есептемегенде біз мұндайға бармаймыз. Себебі "қырсыққан" антиваксерлердің шағын тобына бола бүкіл халықтың денсаулығын қауіпке тіге алмаймыз", – дейді Президент.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу