Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда таралып жатқан вирусқа қатысты пікір білдірді

385

Президент бұл мәселеде даңғаза жасаудың қажеті жоқ деп отыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда таралып жатқан вирусқа қатысты пікір білдірді Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2 656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді.

Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған Студенттер үйі үш заманауи блоктан тұрады. Жатақхана құрылысында ерекше қажеттілігі бар студенттердің де талап-тілегі ескерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу