Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.
Сондай-ақ Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Қытай" саммитіне қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу