Тоқаев Лукашенкоға: Қонақжайлығымызға күмәнданбай-ақ қойыңыз

1837

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында Беларусь президенті Александр Лукашенко әзіл-шыны аралас Қазақстанның қонақжайлығын сынап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан да жауап айтылмай қалған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тоқаев Лукашенкоға: Қонақжайлығымызға күмәнданбай-ақ қойыңыз

"Бір-бірімізді тек теледидардан көріп, сағынысып тқалыппыз. Қазақстан бұрын қонақжайырақ болған еді деп те ойлап қоям. Бұрын қонаққа шақырушы еді. Экономикалық одаққа төрағалық еткелі "жабылып" алды. Вакциналау барлық елде жүріп жатыр. Сол себепті осы жылдың қазан айында бәріміз Минскіде кездесетінімізді еске салғым келеді",  деді негізгі баяндамасына кіріспес бұрын Александр Лукашенко.

Беларусь президенті сөзін аяқтағаннан кейін жиынға модераторлық етіп отырған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне жауап берді.

"Александр Григорьевич, есте қалар сөзіңізге көп рахмет! Әріптестерімді біздің қонақжайлығымызға күмәнданбай-ақ қоюға шақырамын. Бұл кездесуді онлайн режимде өткізу шешімі ортақ консенсуспен қабылданған. Бәрі де осылай келіскен. Біз алдымен мемлекеттердің басшыларының қауіпсіздігі мен денсаулығына алаңдаймыз. Пандемия әлі де шегінген жоқ. Мемлекеттердің қай-қайсысы болмасын солай. Еуропадағы, Азиядағы ахауалды көріп отырсыздар. Сол себепті күш-жігерімізді біріктіріп, пандемияға қарсы бірлесе күрес жүргізейік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу