Тоқаев: Лукашенконың әзілін жоғары бағаладым

687

Ядролық қару бізге керек емес, деп кесіп айтты Тоқаев.

Тоқаев: Лукашенконың әзілін жоғары бағаладым

Лукашенконың әзілін жоғары бағаладым. Беларусь басшысының одақтас мемлекетке кіру туралы ұсынысына Тоқаев осылай жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сөзінше, Қазақстанның Беларусь пен Ресейге қосылғысы жоқ. Онсыз да Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ал ядролық қару бізге керек емес, деп кесіп айтты Тоқаев.

"Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне жоғары баға бердім. Менің ойымша, бұған ешбір қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Өйткені біз оны таратпау және сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз", - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу