Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макрон Ақордада қарсы алды.
Франция басшысының елімізге ресми сапары басталды.
Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеді. Екі ел басшылары бір-біріне министрлерді таныстырып, одан соң президент оркестрі екі мемлекеттің Әнұранын орындады.
Франция Қазақстанға ең көп инвестия құйған елдердің қатарына кіреді. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде Франция уранға зәру болып отыр. Жазда мемлекеттік төңкеріс болған Нигер бұл Еуропа еліне уран жеткізуін тоқтатқан. Бұл жағдай Францияның энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне белігілі бір деңгейде әсер етті, деп топшылайды сарапшылар.
Жалпы Қазақстан мен Франция да екіжақты қарым-қатынасқа қарқын беруге ниетті.
Айта кету керек, осыған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Франция Президенті Эмманюэль Макронды әуежайдан күтіп алған болатын.