Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Президент ретінде депутаттардың жұмысын мұқият қадағалап отырмын. Шынын айтсам, Мәжіліске ризамын. Шын мәнінде ауқымды, маңызды жұмыстар, ең алдымен халық үшін қажетті жұмысты абыроймен атқарып отырсыздар. Сондықтан мен баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Ерлан Жақанұлы, Мәжілістің жұмысы, іс-әрекеті бойынша маңызды ақпарат беріп жатыр. Осыған дейін өңірлерге іс-сапарлармен барғандарыңыздан хабардармын", – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент депутаттардың тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелерімен жіті танысып қайтқандарын жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілісмендердің жұмысына сәттілік тіледі.
"Бәріміз бір ел, бір ұжым болып, еліміз бен халық үшін қызмет ете берейік", - деп қорытындылады Президент.