Тоқаев мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады

380

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Тоқаев мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы әртүрлі жоғары лауазымды мемлекеттік қызмет атқарған еңбек  ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесіп, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты.

Елеусін Сағындықов Президенттің бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформаларға қолдау білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының биылғы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда өңірлердің дамуындағы басымдықтарды айқындауға, сондай-ақ жергілікті және орталық атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу