Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды

700

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды Фото: primeminister.kz

“Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріле отырып, Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылсын”, - деп жазылған құжатта.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы “Үкіметке ҚР Президентінің Əкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік органдардың жəне оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді” тапсырды.

“Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің мирасқоры болып айқындалсын”, - делінген Жарлықта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу