Тоқаев мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеу бойынша тапсырма берді

666

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар қосымша тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президенті еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңесте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Тоқаев мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеу бойынша тапсырма берді

1. Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізу;

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;

3. "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" Заңды әзірлеуге кірісу;

4. Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;

5. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;

7. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін "Қазақстан халқына" деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.

Жиын барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов баяндама жасады.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу