Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырдағы терактіні айыптады. Спикер бұл жайлы Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.
"Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының басшысы ретінде Мысырдағы христиан шіркеуіндегі терактіні айыптаймын, қастандық құрбандарына көңіл айтамын", – деп жазыпты сенат төрағасы.
Айта кетейік, 9 сәуір күні Мысырда төрт бірдей жарылыс болды. Танта қаласында лаңкестер христиан шіркеуі мен полицейлерді даярлау орталығына шабуыл жасаған. Александрияда ғибадатханаға шабуыл жасалып, бомба жарылды. Лаңкестік салдарынан Тантада 30 адам мерт болды. БАҚ мәліметіне жүгінсек, Александрияда 16 адам қаза болып, 41 адам жараланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу