ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, елде саяси инновация жүре бастапты. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлады.
"Қазақстанға келер болсақ, елде саяси инновация орын алды. Нұрсұлтан Назарбаев –Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, ұлт көшбасшысы. Ол үлкен құрметке лайық. Мен заңды түрде сайланған президентпін, мемлекет басшысымын", – деді Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында.
Ол Назарбаевпен ешқандай көзқарас қайшылығының жоқ екенін мәлімдеді.
"Екеуіміздің арамызда ешқандай қайшылық жоқ. Ол кісіден кеңес сұрайтын кездерім болады. "Қос билік" немесе тандем дегендер жоқ. Тек заңды түрде сайланған президент бар", – деді Тоқаев.
Табиғат Нұрболат