Мемлекет басшысы спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанымен, біздің кәсіби спорттағы көрсеткіштеріміз аса жоғары деңгейде емес екеніне назар аударды.
Сонымен қатар мемлекет бюджетінен қаржы алатын спорт федерацияларының қызметін толығымен тексеру керек екенін ескертті.
Мемлекет басшысы атлеттер үшін заманауи инфрақұрылым салу, спорт саласындағы төрешілерді дайындауды күшейту, сондай-ақ жаттықтырушылар мен басқа да спорт мамандарын қолдау шараларын қабылдау маңызды екенін жеткізді. Спортшылардың резервін даярлау үшін қолайлы жағдай жасауға тиіс екеніне тоқталды
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу