Тоқаев "Орталық Азия-Ресей" саммитінде айтылған бастамаларды іске асыру жоспарын әзірлеуді ұсынды

574

Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия-Ресей" саммитін қорытындылады.

Тоқаев "Орталық Азия-Ресей" саммитінде айтылған бастамаларды іске асыру жоспарын әзірлеуді ұсынды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия-Ресей" саммитінде айтылған бастамаларды іске асыру жоспарын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Кездесуіміздің нәтижесі іс жүзінде іске асып, өңірдің Ресей Федерациясымен стратегиялық әріптестігіне ықпал ететініне сенімдімін. Айтылған бастамаларға келсек, әрекеттерді үйлестіру қажет болады. Бізде сыртқы саясат ведомствосы басшыларының деңгейінде жұмыс істеп тұрған жұмыс органы бар", - деді Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті сыртқы істер министрлеріне бүгінгі кездесудің қорытындыларын іске асыру бағытындағы бірлескен әрекеттердің жоспарын әзірлеуді тапсыруды ұсынды. 

"Сонымен қатар, Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясы басшыларының бірлескен мәлімдемесін жариялау ұсынылады", - деді Қ.Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу