Тоқаев отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығын атап өтті

490

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Тоқаев отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығын атап өтті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыл тойтарыс – 2023" оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді.

Бас штабтың бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Содан кейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы баяндама жасады.

Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндады.

Кеңес барысында Президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу