Тоқаев өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста Қазақстан мүддесін қорғайтын заңға қол қойды

715

Заң жобасы халықаралық шарттарды тоқтату тәртібін реттеудегі олқылықтарды жоюды қамтамасыз етеді.

Тоқаев өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста Қазақстан мүддесін қорғайтын заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Заң өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстанның алдына алған міндеттемелерін орындамаған жағдайда халықаралық шарттарды орындауды тоқтата тұру түріндегі жауап шаралар қабылдауды көздейтін нормалар енгізу арқылы мәселені шешуді көздейді.

Сонымен қатар, құжат Қазақстанның халықаралық шарттарының қолданылу тәртібі мен шарттарын айқындайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу