Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу