Тоқаев пен Әлиев мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кенесінің бірінші отырысының шешімі;
- Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипаж мүшелерінің кәсіби дипломдарын өзара тану туралы келісім;
- 2017 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде докторантураға орын бөлу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;
- Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігі, Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
- "Самұрық-Қазына" АҚ мен Әзербайжан инвестициялық холдингі (AIH) арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім;
- "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ мен Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы арасындағы Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы қазақстандық мұнай транзитінің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім;
- "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ мен Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы арасындағы қазақстандық мұнайды сатып алу-сату саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі мен Әзербайжан Республикасының медианы дамыту агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасының "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен Әзербайжан Республикасының "Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі" жария құқық заңды тұлғасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Атырау қаласының әкімдігі (Қазақстан Республикасы) мен Ширван қаласының атқарушы билігі (Әзербайжан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
- Ақтау қаласының әкімдігі (Қазақстан Республикасы) мен Сумгаит қаласының атқарушы билігі (Әзербайжан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
- "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі (KOBIA) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау шараларын іске асыру жөніндегі жол картасы;
- Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік техникалық қызметі" АҚ мен Әзербайжан Республикасының Арнаулы байланыс және ақпараттық қауіпсіздік қызметі арасындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу