Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты.
Қазақстан Президенті Түркия Республикасымен бауырластық қатынасты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді.
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды.