Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

509

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары екіжақты байланысты талқылады.

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Сондай-ақ, екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Бұдан бөлек, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Сонымен қатар, бауырлас ел басшылары биыл қараша айында Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитіне дайындық барысы туралы да пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жиын түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін маңызды қадам болмақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу