Тоқаев пен Меркель келіссөздер жүргізді

1184

Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті.  

Тоқаев пен Меркель келіссөздер жүргізді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстанның, Германияның және Еуропалық Одақтың тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды.

Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді.

Сондай ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу