Тоқаев пен Помпео пандемиямен күрес шараларын талқылады

740

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Құрама Штаттардың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы серіктестікті атап өтті.

Тоқаев пен Помпео пандемиямен күрес шараларын талқылады Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео пандемияның таралуына қарсы қабылданып жатқан шараларды талқылады.

"Қазақстан президентімен стратегиялық ынтымақтастықты нығайту және Covid-19 пандемиясымен күресте бірлесе атқарылып жатқан шаралар жөнінде сөйлестім", – деп Помпео өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар ол Құрама Штаттардың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы серіктестікті атап өтті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу