Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

480

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.  

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті Фото: akorda.kz

Мемлекеттер басшылары бір-бірін жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу