Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо "жасыл" энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

349

Президент Сян Вэньбоны биыл елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо "жасыл" энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Sany Group Co. Ltd Директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо "жасыл" энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Корпорация Қазақстанда жалпы қуаты 1ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруға қатысып жатыр және жаңартылатын энергия көздеріне арналған мұнара, қалақ және гондола құрастыратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Sany Group Co. Ltd компаниясымен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды. Атап айтқанда, елімізде арнаулы техникалар, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерін шығаратын бірлескен өндірісті жолға қою перспективті саналады.

Қытай компаниясына Қазақстанда аймақтық R&D орталығын ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл орталық компанияның ЕАЭО нарығындағы қызметін ілгерілетуге септігін тигізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сян Вэньбоны биыл елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу