Бұл туралы ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Президенттікке үміткер Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының Конституцияда және "Сайлау туралы" конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетіні белгіленсін. Кандидатты қолдауға қол жинау үшін қажет мөлшерде қол қою парақтары берілсін", - делінген ОСК қаулысында.
Сондай-ақ, ОСК отырысында құқық қорғау органдарының да кандидатқа қатысты ешқандай түсініктемелері жоқ екені айтылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу