Тоқаев пен Путин кездесуіне Кремль зор мән беріп отыр

1788

Ресей мен Қазақстан Президенттері Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбі күні Кремльде келіссөз жүргізеді.

Тоқаев пен Путин кездесуіне Кремль зор мән беріп отыр

"Ресей-Қазақстан одағының жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық ынтымақ мәселелері және өзекті халықаралық проблемаларды талқылау жоспарланды", – деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Сапар қарсаңында Кремль алдағы кездесуге үлкен мән беретінін мәлімдеді.     

"Бірқатар құжаттар дайындалып жатыр, оның кейбіреуін дайындап үлгермеуі мүмкін. Дегенмен бұл сапар өте маңызды, оған үлкен мән береміз. Қазақстан – біздің маңызды серіктесіміз", – деп мәлімдеді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кездесудің күн тәртібінде екіжақты қарым-қатынастар, сауда-экономикалық жобалар болады деп нақтылады ол.

"Біздің әріптестігіміз интеграциялық үдерістерді дамыту аясында да өте маңызды. Бірінші кезекте, Еуразиялық экономикалық кеңістік, сондықтан ЕАЭО тақырыбы да күн тәртібінде", – деп толықтырды Песков.

Оның айтуынша, мемлекет басшылары жақын өңірлердегі ахуал мен қақтығыстар жайында пікір алмасады. Президенттер келіссөздер қорытындысын баспасөзге мәлімдейді, ал баспасөз конференциясын өткізу жоспарда жоқ.

Тоқаевтың баспасөз қызметі Қазақстан президентін Путин шақырып отырғанын айтты.

"Көпжоспарлы Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігін дамыту перспективалары қаралады", – деп мәлімдеді Берік Уәли.

Айтуынша, Тоқаев 11 ақпанда Қазанда Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, республиканың бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорынын да аралайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу