Тоқаев: Ресми қорытындыны күтеміз

621

Мемлекет басшысы Республикалық қоғамдық штабқа барды. 

Тоқаев: Ресми қорытындыны күтеміз Фото: toqayev2022kz

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудағы "Ашық қоғам" аймақтық зерттеулер халықаралық институты жүргізген Exit poll қорытындысымен танысты, деп жазады Inbusiness.kz.

“Exit Poll-дың алдын ала нәтижесі шықты. Әрине, ресми қорытындыны күтеміз. Дегенмен қазірдің өзінде халқымыз маған Президент ретінде және баршаңызға үлкен сенім артты деп айтуға болады. Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе. Сондықтан халықтың сенімін бәріміз ақтауымыз керек. Бүгін, міне 21 қарашадан бастап бәріміз жұмысқа кірісуіміз қажет”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өзіне сенім артқаны үшін коалицияға алғысын білдірді.

Оның айтуынша, сайлау заңға сәйкес өтті. Президенттікке үміткерлерге тең мүмкіндік берілді.

“Олар аймақтарды емін-еркін аралады. Сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді. Яғни, ешкімге шектеу қойылған жоқ. Әрбір сайлаушыға өз таңдауын жасауына еркіндік берілді. Сондықтан бұл науқан ерекше әділ, ашық өтті”, – деді ол.

Мемлекет басшысы Президент сайлауы жаңа саяси дәуірге жол ашатынына да тоқталды.

“Конституциялық реформаны толығымен және нақты жүзеге асырамыз. Еліміздің саяси құрылысын жаңа қалыпқа түсіреміз. Экономиканы түбегейлі өзгертеміз. Халқымыздың әл-ауқатын арттырамыз. Соның бәрін ойдағыдай атқару үшін бізге бірлік керек. Сондықтан әрдайым бірге болайық!”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу