Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады

446

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.

Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 8-шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын", деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Атап айтқанда, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Бірлескен отырысқа Мәжілістің 98 депутатының 97-сі және Сенаттың 50 депутатының 50-і қатысып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу