Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады

291

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.  

Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады Фото: akorda.kz

Кездесу барысында Президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі  жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.

Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу