Тоқаев Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

224

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тоқаев Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу