Тоқаев ШҚО әкіміне шекаралас аумақтағы елді мекендерді дамытуды тапсырды

422

Бұл туралы  inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев ШҚО әкіміне шекаралас аумақтағы елді мекендерді дамытуды тапсырды Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қатон-Қарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін айтты.

Президент облыс әкіміне коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу