Тоқаев ШЫҰ-ның сыртқы саясат ведомстволарының басшыларына алғыс айтты

150

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына бүкіл әлем көз тігіп отырғанын айтты. 

Тоқаев ШЫҰ-ның сыртқы саясат ведомстволарының басшыларына алғыс айтты Фото: akorda.kz

– Бұл саммит әлемдік архитектоникада өте маңызды орын алатын ортақ ұйымымыздың тарихына жаңа парақ болып енеді деп үміттенеміз. Шын мәнінде, Шанхай ынтымақтастық ұйымына бүкіл әлем көз тігіп отыр. Біздің қызметімізге басқа державалар қызығушылық танытады. Ұйымға қатысты көптеген сұрақ қойылады. Мен 1996 жылы сәуірде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құруға қатыстым. Ол кезде бұл ұйым Шанхай бестігі деп аталды. Сол уақыттан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымының рухы қалыптасты. Біз Азиядағы, Еуразия құрлығындағы, жалпы әлемдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтау жолындағы ықпалдастығымыздың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде нығайтып келеміз. Бұл – өте дұрыс қадам, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесуге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И, Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дар, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Алейник, Үндістанның Сыртқы істер вице-министрі Рави Дамму, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Мехди Сафари, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев қатысты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу