Тоқаев Си Цзиньпиннің 70 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады

465

Бұл туралы inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев Си Цзиньпиннің 70 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларын дамытуға және халықаралық аренадағы жоғары беделін ілгерілетуге Си Цзиньпиннің қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Қытай халқының игілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚХР Төрағасының бастамалары мен ауқымды реформаларының табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.

Президент Қазақстанның екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады. 

– Біздің бірлескен күш-жігеріміз екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы көпжақты серіктестікті сапалы жаңа деңгейге шығаруға толық ықпал ететініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу