Тоқаев СПЕКА-ның алдағы саммиттерінің бірін Қазақстанда өткізуді ұсынды

316

БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы.

Тоқаев СПЕКА-ның алдағы саммиттерінің бірін Қазақстанда өткізуді ұсынды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы келешекте серіктес мемлекеттер мен БҰҰ институттары өкілдерінің СПЕКА-ға жаңа қатысушы ретінде қосылғанын қуана құптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар ол елдеріміздің үкіметтеріне СПЕКА-ның арнайы жұмыс тобын құру жөнінде тапсырма берген дұрыс деп санайтынын айтты.

"Осы мүмкіндікті пайдаланып, келесі жылы маусым айында елімізде өтетін кезекті Астана халықаралық форумы аясында СПЕКА-ның панельдік сессиясын ұйымдастыруды ұсынамын. Жоғары деңгейдегі бұл жиын бұрын-соңды болмаған заманауи сын-қатерлерге бірлесе жауап іздеу үшін әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сонымен қатар СПЕКА-ның алдағы саммиттерінің бірін өзара келісілген уақытта Қазақстанда өткізуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу