Тоқаев суперпрезиденттік басқару моделін өзгерту керегін мәлімдеді

1513

Ол елге күшті парламент керегін атап өтті.

Тоқаев суперпрезиденттік басқару моделін өзгерту керегін мәлімдеді

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда суперпрезиденттік басқару моделін өзгерту керегін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"...Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан, тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет қағидатын басшылыққа аламыз. Бүгін мен осы стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастаманы ұстанамын", – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Осыған байланысты ол Президенттің өкілеттілігіне тоқталды.

"Осыған дейін Қазақстанда суперпрезиденттік басқару моделі қалыптасты. Алғашқы кезеңде ол өзін ақтады... 30 жылда суперпрезиденттік басқару формасы 30 жылда өзін ақтады, бірақ біз бір орында тұрмаймыз, еліміз өзгеріп жатыр. Біздің саяси жүйеміз жаңа шындыққа бейімделуі керек. Бүгінде бәрі президентке жақын, бұл дұрыс емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан суперпрезиденттік республикадан күшті парламенті бар президенттік республикаға өтуі тиіс екенін атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу