Қазақстан сыбайлас жемқорлық рейтингінде 8 позицияға көтерілді

312

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан сыбайлас жемқорлық рейтингінде 8 позицияға көтерілді Фото: canva.com

Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Асхат Жұмағалидың айтуынша:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берді;
  • өткен жылы жемқорлыққа қатысты 1692 қылмыс тіркеліп, 1324 адам әшкереленген. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. 1221 іс сотқа жіберілген;
  • 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,02 триллион теңге (2,2 млрд АҚШ долларынан астам) көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған;
  • бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы туралы мәлімет берді:

- "ӨКМ" операторы" ЖШС-не қатысты аяқталған қылмыстық істер бойынша Қостанай және Қарағанды облыстарындағы жалпы құны шамамен 20 миллиард теңге болатын 2 зауыт мемлекет меншігіне өткен;

- Қ.Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 млн АҚШ доллары) түскен. Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады;

  • мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу барысында 41,3 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеген:

- мамандандырылған ХҚКО-ларда автокөліктерді тіркеу кезіндегі қулық жасау жолдарын анықтаған;

- мемлекеттік баж салығы мен автомобильдерді тіркеуден түскен төлемдердің басым бөлігі ақпараттық жүйелердің жұмысындағы олқылықтарға байланысты бюджетке түспеген;

- Агенттіктің ұсыныстары бойынша кемшіліктер жойылғаннан кейін 2023 жылы бюджетке түскен түсімдер (2022 жылмен салыстырғанда) 9 есе ұлғайып, 91,4 миллиард теңгені құраған. Осы ретте екі жылда да тіркелген автокөліктердің саны бірдей болған;

  • спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп жатқанын, тексеру барысында бюджет қаражатының тиімсіз бөлінуіне, соның ішінде сыбайлас жемқорлық сын-қатерлеріне байланысты әрекеттер анықталған. Тек осы жылдың өзінде Агенттік аталған саладағы жымқыру фактілері бойынша 18 қылмыстық істі тіркеген;
  • "СК "Фармация" ЖШС қызметін талдау жұмыстары аяқталған. Мұнда да медициналық препараттар мен жабдықтарды сатып алуға қатысты айтарлықтай жемқорлық тәуекелдері анықталған. Әлеуметтік маңызы бар проблемалы объектілердің құрылыс барысын қадағалау нәтижесінде бүкіл ел бойынша 32 ғимарат пен нысан салынған;
  • "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы аясында сомасы 2 миллиард теңгеден асатын тауарлар мен қызметтердің бағасын көтеру тәуекелдеріне жол берілмеген. 10 мыңға жуық азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілген;
  • Ұлттық банктің "Цифрлық теңге" жобасы арқылы "ақшаны бояу" тетігін енгізу мәселесі пысықталған. Қазіргі уақытта Цифрлық теңге пилоттық режимде Алматы қаласындағы мектептердің бірінде іске асырылып жатыр: қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2023 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International (Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі) рейтингінде 8 позицияға көтеріліп, 180 елдің арасында 93-орынға тұрақтаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу