Тоқаев:Табыс салығын айлық мөлшеріне қарай есептейтін кез жетті

1056

Банктен тыс кредиттік ұйымдарды бақылау күшейтіледі.

Тоқаев:Табыс салығын айлық мөлшеріне қарай есептейтін кез жетті

Еңбекақысы төмен азаматтар айлығы жоғары азаматтарға қарағанда салықты аз төлеуі керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыс салығының прогерссивті шкаласын енгізуді тапсырды.

"Әлеуметтік әділет жолында еңбекақы мен өзге де табыс түрлеріне қатысты табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мәселесін пысықтайтын кез жетті. Шкаланың мәні еңбекақысы аз азаматтар аз салық төлеп, айлығы жоғары қызметкерлер төлейтін салықтың көбейетінінде. Біздің басты мақсатымыз – еңбекақының жасырын әрі төмен сегментін жаппай көлеңкеден шығару. Егер олардың мөлшерлемесі азайса, айлықты конвертпен төлеудің де мәні қалмайды. Халықты табысы түскен кезеңде азамттардың борыш жүктемесі ауырлап кетпес үшін тұтынушылық несиелерге мониторинг жүргізуді жалғастырған жөн. Қаржы нарығын реттеу агенттігі проблемалық несиесі бар борышкерлерді оңалту мүмкіндіктерін қарастырсын. Сондай-ақ, борыш сыйақысының мөлшерлемесін қарыз алушының санаты мен өнім сипатына қарай қайта қарау тәсілдерін есептеу керек.  Азаматтардың мүддесін қорғау үшін банктен тыс кредиттік ұйымдарды бақылау күшейтіліп, келесі жылдан бастап шағын несие берушілердің қызметін лицензиялаудың маңызы зор", – деді мемлекет басшысы. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу