Тоқаев тамыз айында Әзербайжанға барады

829

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында Әзербайжанға сапармен келетінін мәлімдеді, деп  inbusiness.kz "Интерфаксқа" сілтеме жасап хабарлайды. 

Тоқаев тамыз айында Әзербайжанға барады

"Қазақстан президентінің Әзірбайжанға сапары келесі айда күтілуде", - деді Әлиев жұма күні бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен кеңесте.

Ол Әзірбайжан Түркі мемлекеттері ұйымында үнемі белсенділік танытып, ұйым аясында да, мүше елдер арасында да байланыстарды кеңейтіп жатқанын айтты.

"Биыл Түркия президентімен үш кездесу өткіздім. Биылғы жылдың сәуір айында мен Қырғызстан президентімен Әзербайжанға сапары барысында кездестім. Осы ретте маусым айында Өзбекстан мен Түркіменстанда болып, осы елдердің мемлекет басшыларымен кездестім", - деп қосты ол.

Оның айтуынша, "Әрине, түркі мемлекеттерімен қарым-қатынасымыз біз үшін басым мәселелердің бірі, біз өзара саяси қолдау білдіреміз, маңызды жобаларды екіжақты және көпжақты форматта талқылаймыз". "Көлік, энергетика және басқа да салаларда белсенді ынтымақтастық жүргізілуде", - деп қосты Әлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу